"Қазақстанда сайлау кампаниясы басталып кетті. Еліміздегі саяси ұйымдар жаппай съезд өткізіп, алдағы науқанда тартысқа түсетін үміткерін айқындайтын болады", – дейді ол.
Солардың ішінде "Amanat" партиясы елден бұрын қимылдады. Көпшілік күткендей партия қазіргі президентті үміткер ретінде ұсынды.
"Аманаттықтар" Тоқаевты қолдайтынын ешқашан жасырған емес. Партия жетекшісі Ерлан Қошановтың атап өткеніндей "Amanat-тың" алдында жұртшылықты президенттің төңірегінде топтастыру міндеті тұр.
"Еліміздегі ең ірі саяси партияның 800 мың мүшесі Тоқаевқа сенім артып отыр. Мұндай деңгейдегі демеу қазіргі президенттің тақиясына тарлық етпейтіні түсінікті.
Қошанов партия отырысында Тоқаевты қолдау мақсатында - халық коалициясы құрылатынын хабарлады. Демек, ілгерідегі аудиторияға тағы да мыңдаған дауыс қосылады деген сөз.
Оппозиция ауқымды электоралды ресурсы бар саяси ұйымға қарсылық көрсете ала ма, қалай ойлайсыздар?", – дейді осы орайда Андрей Зубов.
Сарапшы "аманаттықтардың" XXIV съезіндегі бірнеше маңызды тезиске назар аударған.
Оның айтуынша партия саяси жүйеде өзінің рөлін айқындап, Жаңа Қазақстанның жағдайына бейімделетін болады. Бұл бір.
Екіншісі: Трансформация процесін нәтижелі аяқтауға барын салады. Бұл міндетті партия қатарынан шығар алдында президент Тоқаев белгілеп кеткен.
Үшіншісі: Алдағы уақытта Amanat өз жұмысындағы негізгі басымдықтарды іріктеп алып (халық және мемлекет), соның негізінде әрекет етпек.
Зубовтың айтуынша Тоқаев президентке қолдау көрсететін коалицияның құрыларынан хабардар болған. Күні кеше Мемлекет басшысы сайлауға "қоғамдық саяси күштердің коалициясы атынан түсерін" мәлімдеген еді.
[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]
Президенттің пайымдағанындай бұл бірінші басшының түрлі саяси партиялар мен құрылымдардан аулақ болуын қамтамасыз етеді.
[/perfectpullquote]
"Қазақстан – президентке ешбір саяси ұйымға мүше болуға рұқсат етілмейтін санаулы мемлекеттердің бірі. Бұл тәжірибенің қаншалықты нәтижелі боларын уақыт көрсетеді", – дейді Зубов.
Айтпақшы, Amanat-тан кейін іле-шала "Халық партиясы" да елге үн қатып, Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді.