AMANAT партиясы Алматыда қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды

Dalanews 01 мам. 2023 07:35 739

Алматыда «AMANAT» партиясы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, партия мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері, «Жастар рухы» жастар қанатының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

Қайырымдылық жәрмеңкесінде әлемнің әртүрлі елдерінің асханаларынан тағамдар ұсынылды.

Сондай-ақ, мерекелік жәрмеңке барысында қазақ, орыс, өзбек, армян, ұйғыр, күрд ұлттарының ансамбльдері қатысқан ойын-сауық концерттік шоу-бағдарлама ұйымдастырылды.


Сонымен қатар, «AMANAT» партиясы іс-шараның экологиялық жағынан таза өтуіне көңіл бөлді. Онда қалдықтарды  жинауға арналған арнайы экоконтейнерлер орнатылды.

Іс-шара соңында сатудан түскен барлық қаражатты мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаумен айналысатын «Тағдыр» мүгедек балалардың отбасылық клубына жіберілетін болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар