"Амал - халқымыздың мерейін өсіретін ізгі мереке": Әшімбаев халықты айтулы күнмен құттықтады

Қаракөз Амантай 14 нау. 2024 12:35 2178

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Амал мерекесіне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде жазба жариялап, барша халықты айтулы күнмен құттықтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Баршаңызды Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал – ұлтымызды ұйыстыратын, халқымыздың берекесін еселеп, мерейін өсіретін ізгі мереке. Қазіргі таңда бұл күн тұтас еліміз үшін ортақ мейрамға айналды десек, артық бола қоймас. Дұрыс құндылықтарды дәріптейтін осындай мерекеде еліміздің бірегейлігі айқындалып, бірлігі бекемделе түседі.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Наурыз мейрамын жаңа форматта атап өтуді ұсынған болатын. Осыған байланысты тың бастамалар қолға алынып жатқаны белгілі. Мұндай қадам тарихи санамызды жаңғыртып, ұлттық рухымызды одан әрі шыңдау үшін қажет", - деді ол.

Сондай-ақ бұл игі дәстүр қоғамда өзара құрметтің, бауырмалдылықтың және мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын арттырады.

"Баршаңызды көктемнің осы мерекесімен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық және әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Амалдан амалға аман-есен жете берейік!", - деп жазды Мәулен Әшімбаев.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар