Алия Адамбаева «Dara» қорының президенті болып тағайындалды

Самал Асқар 19 қаң. 2026 15:30

Президенттік бастамалар қоры «Dara» Қамқоршылық кеңесінің шешімімен қор президенті қызметіне Алия Адамбаева тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алия Адамбаева медиа, мемлекеттік басқару және қаржы секторында 25 жылдан астам кәсіби тәжірибеге ие. Әр жылдары ол Алматы қаласын дамыту орталығы басқарма төрағасының орынбасары және басқарма мүшесі, Ұлттық банк баспасөз қызметінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры, «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Бұған дейін еліміздің жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси басылымдарында басшылық және редакторлық қызметтерде жұмыс істеген.

Алия Адамбаева журналистика мамандығы бойынша жоғары білім алған, экономика және бизнес саласында магистр дәрежесі бар, сондай-ақ MBA және Executive MBA дипломдарының иегері.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove