Digital Almaty форумы аясындағы озық цифрлық жобалар көрмесінде цифрландыру саласындағы отандық жетістіктер ұсынылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Іс-шара барысында «Яндекс Қазақстан» компаниясының өкілі Александр Поповский үкімет басшыларына Қазақстанда адамдар мен бизнес үшін 10-нан астам сервис жұмыс істейтінін айтты.
«Біз өз қызметтерімізді барлығына қолжетімді етуге тырысамыз. 2023 жылы біз қазақ тіліндегі «Карта», мобильді браузерде және қосымшада қазақ тіліндегі «Алиса» сервисін жасап, Яндекс Браузерінде видеоны қазақшаға аударып, сондай-ақ іздеу қызметінде қазақ тілінде жылдам жауаптар әзірледік. Мұның бәрі ақпаратты қазақстандық пайдаланушылар үшін қолжетімді әрі ыңғайлы етіп, мемлекеттік тілдің таралуына ықпал етеді», — деді ол.
Digital Almaty форумында үздік қазақстандық IT-компаниялар мен стартаптар өз жобаларын таныстырды.