Елімізде 8 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жарияланған болатын.
Бес аптаға созылатын экологиялық акцияға Алтай аудандарының тұрғындары да белсене қатысып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
20 сәуірге дейін өтетін екінші апталықтың атауы «Киелі мекен» деп аталады. Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған.
Алтай ауданындағы мемлекеттік қызметкерлер, еріктілер, колледж студенттері мен жастар ресурстық орталығының мамандары қаладағы орталық саябаққа және Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарға арналған ескерткіштің маңын қоқыстан тазартты.
- Қыс бойы жиналған қоқыс тазартылды. Өзге қала мен аудан тұрғындарын да акцияға белсене қатысуға шақырамыз. Тәртіп пен тазалықты сақтау – өзіміз бен айналамызға деген құрметтің белгілі. Барлығымыз бірігіп өңірімізді әдемі етуге атсалыса аламыз, - дейді акцияға қатысушылар.