Әкімнің пікірінше Алтай туристер үшін өте тартымды аймақ. Соңғы бірнеше жылдың бедерінде аудандағы туристерге қызмет көрсететін 102 нысан ашылған. Олардың көпшілігі Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан.
«Сондай-ақ Малеевка ауылдық округінің Быково ауылында пантамен емдейтін орындар бар. Болашақта тау шаңғысы туризмін дамытуды жоспарлап отырмыз», – дейді аудан басшысы.
Әкімнің атап өткеніндей туризм және мәдениет саласы бір-бірімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта ауданда 13 клубтық мекеме, 27 кітапхана және Достық үйі жұмыс істейді.
Аудан басшылығы Серебрянскідегі ескі әкімшілік ғимараттардың бірін жөндеп, көпфункционалды мәдени-демалыс кешенін жасауды жоспарлап отыр екен. Бес қабатты ғимаратта мәдениет үйі, шығармашылық бағыттағы түрлі үйірмелері бар музыка мектебі және спорт залдар орналасатын болады.
«Аудандағы мәдени саланың реңін кіргізетін шығармашылық ұжымдар туралы айтпай кетпеске болмас. 2013 жылы бұрынғы «Горняк» Мәдениет үйін «Горняк» мәдени-демалыс орталығы ретінде қайта құрылған.
Бүгінде аталмыш орталықта хор, ән және би ансамбльдері, фольклорлық, отбасылық ансамбльдер, халық аспаптары оркестрлері, хореографиялық, драмалық, эстрадалық, вокалдық ұжымдар – жалпы 67 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Барлығы 61 қатысушы бар. 597 адамды қамтыған 48 шығармашылық үйірме де жұмыс істеп тұр», – деді өз сөзінде аудан әкімі.