Алтай ауданының өнеркәсіп өнімінің көлемі 115% өсу қарқынымен өсіп, 25 млрд теңге құраған. Ал ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 129% өсімді көрсетіп, 12 млрд теңгені құраған.
– Егіс алқаптары 76,6 мың гектарды құрады, бұл өткен жылдың деңгейімен сәйкес. Егістік алқаптарының құрылымында ең көп үлес дәнді және бұршақ дақылдарына тиесілі – 53%-ды (40,8 мың гектар) құрайды. Майлы дақылдардың үлесі 36% (27,5 мың гектар), мал азықтық дақылдар 8,2% (6,3 мың гектар), картоп пен көкөніс 3%-ды (2 мың га) құрады.
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап ауданның ауылшаруашылық құрылымдары 2023 жылғы егін жинау науқанына кірісті, арпа мен сұлы жинау науқаны басталды. Бүгінгі күнге 6 мың гектар алқаптағы егін орылып, орташа өнімділік гектарына 27,4 центнерді құраған. Ет өндірісі 5% өсіммен 2638 тонна болса, сүт 3% өсіммен 15470 тоннаны құрады.
Сүт шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында «Мойылды Байқоңыр» ЖШС Полянское ауылында 1000 басқа арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысы жобасын жүзеге асыруда, жобаны іске асыру мерзімі 2023-2025 жылдар, жобаны іске асыру сүт өндірісін жылына 6500 тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.
Алтай ауданында инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылға 4,2 млрд теңгеге 76 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Тұрғындарды сапалы сумен жабдықтау және субұру қызметтерімен қамтамасыз ету саласында 1,6 млрд теңге сомасына 16 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар Алтай қаласының орталық және батыс бөліктеріндегі су құбыры желілерін қайта жаңғырту бойынша ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.
2023 жылға 222 млн теңге қарастырылған. Жол-көлік инфрақұрылымы саласында жолдар мен көшелерді жөндеуге 432 млн теңге қарастырылған.
– Абаттандыру бағытында 117 млн теңгеге 21 жоба жүзеге асырылуда. Балалар мен спорт алаңдарын жөндеу мен орнатуға 81 млн теңге бөлінді. 5 ауылдарда алаңдар орнатылды. Маяк ауылында алаңды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алтай мен Серебрянск қалаларында, Парыгино және Северное ауылдарында алаңдарды жөндеу және орнату жұмыстары жүргізілуде, – деді Жанна Асқарова.