2019 жылы Халифа Алтай мешітінде Ислам мәдениеті мұражайы ашылды, онда Қазақстанда Исламның пайда болуы мен дамуының бүкіл тарихы: көне түркі наным-сенімінен бастап қазіргі исламға дейін бейнеленген.
Айта кетейік, мұнда Қағбаның макеттерінен бастап, "Халифа Алтай" мешітінің, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі Тайқазанның, Семей қаласының қос мұнаралы мешітінің макеттерін, Бұхарадан әкелінген Яссауидің "Диуани хикмет" кітабының түпнұсқасына дейін, сондай-ақ балбал тас және көптеген құнды жәдігерлерді көруге болады.
– Мұражайда ең құнды нәрсе – кітаптар. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен XVI-XVIII ғасырлардағы 52 жазбаша дереккөзді сатып алынған.
Мұнда Қазақстан тарихы, ислам, қазақтардың дәстүрі туралы кітаптар бар. Сенсорлық экранмен және дыбыстық сүйемелдеумен жабдықталған интерактивті Құран бар. Мешітке келушлер оны төрт тілде оқи алады. Мұндай Құран Қазақстандағы жалғыз және ол біздің облыста, – деді ШҚО бойынша бас имам Ермек қажы Мұқатай.
Даниал Ахметов бұл кітаптар әлемнің түрлі елдерінен әкелінгенін айта келе алдағы уақытта тағы 25-30 кітап сатып алынатынын алға тартты.
Сонымен қатар, Ермек қажы Мұқатай басқа аймақтардан әкелінген XIX-XX ғасырларға жататын қазақ мәдениетімен біте қайнасқан сирек кездесетін кілемдерді көрсетті.
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов өз кезегінде ежелгі қолжазбалардың жұртшылыққа таныстыру үшін әр түрлі тілдерге аудару қажеттігін атап өтті. Ал бұл экспозициядан әр келуші ерекше әсер алып қайтатыны сөзсіз.