Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың денсаулығы сыр берген. Бұл туралы 25 тамызда оның жақтастары хабарлады, деп жазады dalanews.kz.
Олардың айтуынша, жұбайы Раиса Атамбаева қазір Испанияда Алмазбек Атамбаевтың жанында жүр.
Ал олардың қызы Алия Шагиева аяғын жарақаттап алған.
Осы жағдайларға байланысты бүгін жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысына отбасы мүшелерінің ешқайсысы қатыспады. Аталған іс бойынша айыпталушылардың бірі – Кадырбек Атамбаев.