Алматыда үш адамның өліміне себеп болған күдікті Александр Пакқа қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Сот Александр Пакты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Үкімге сәйкес, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Жазасын ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Сонымен қатар сот жәбірленуші тараптың моральдық шығын өндіру туралы талабын ішінара қанағаттандырды. Сот шешімімен Рүстембек Шотеновқа моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге төленетін болды.