Алматыдағы балалар ауруханасында дәрігер мен науқас төбелескен

Алматыдағы балалар ауруханасында дәрігер мен науқас төбелескен
видео кадры

Алматыда медицина қызметкері мен науқастың төбелесі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша оқиға 31 мамырға қараған түні Алматы қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында болған. Бейнежазбада қолында баласы бар әйел медицина қызметкеріне жақындағаны көрінеді. Кейін ұрыс төбелеске ұласқан.

Дәлізде жүрген адамдар жанжалдасқан әйелдерді ажыратуға тырысқан. Бір сәтте оларды тоқтатқанымен, көп ұзамай жанжал қайта жалғасқан.

Алматы Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты екі тарап та арыз жазғанын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы мұқият зерттеліп, әр тараптың әрекетіне заң аясында құқықтық баға беріледі.