Алматыдағы автобуста төбелес болды: біреуі пышақ ала жүгірген

Алматыдағы автобуста төбелес болды: біреуі пышақ ала жүгірген
видео кадры

Алматыдағы автобуста болған төбелестің видеосы тарады. Жанжал кезінде біреуі пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне принципті түрде құқықтық баға беріледі. Мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейді. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Полиция азаматтарды арандатуға бой алдырмай, жанжалды жағдайларды күш қолдануға және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырмай, бейбіт жолмен шешуге шақырды.