Алматыдағы Alma City тұрғын үй кешенінде кәмелетке толмаған қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қайғылы оқиға Жүнісов көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 17 жастағы қыз үйде құрбыларымен бірге болған. Кейбір деректерде олардың алкогольдік ішімдік тұтынғаны айтылған.
Жақындарының сөзінше, анасы болған жағдайды телефон арқылы біліп, қызы екеуінің арасында жанжал туындаған. Осыдан кейін бойжеткен қатты күйзеліске түсіп, жігітіне хабарласып, қолдау сұраған.
Жас жігіт көрсетілген мекенжайға келгенімен, пәтерге көтеріліп үлгермеген. Сол сәтте қыз шамамен жетінші-сегізінші қабаттан құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Оқиғаның мән-жайы мен нақты себептері анықталып жатыр. Құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде.