Алматыда жыл басынан бері жол апатынан 24 жаяу жүргінші қаза тапқан

Алматыда жыл басынан бері жол апатынан 24 жаяу жүргінші қаза тапқан
ашық дереккөз

Алматыда жыл басынан бері жол апатынан 24 жаяу жүргінші қаза тапқан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жыл басынан бері қалада жаяу жүргіншілерге қатысты 2 мыңға жуық жол апаты тіркелген. Салдарынан 24 адам қаза тауып, 2 мыңнан аса адам жарақат алған.

Осыған байланысты полиция жол қозғалысы ережелері сақталуын бақылауды күшейтті.

Профилактикалық жұмыстар мектептерде де жүргізіліп жатыр. Оқушылармен жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары өткізіліп, балаларға жарық қайтарғыш элементтер таратылады.

"Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда аса мұқият болуы қажет. Ал жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өтуге тиіс", - деді Алматы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.