Алматыда Жандосов көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Алматы әкімдігі

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы әкімдігі мәліметінше, Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

11 тамыз сағат 23:00-ден 15 тамыз сағат 23:00-ге дейін қала шекарасынан Дәулеткерей көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы реверсивті қозғалыс ретінде ұйымдастырылады. Жол толығымен жабылмайды.

"Жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, жолдағы жылдамдық режимін және жол белгілерін сақтауды сұраймыз", - деді әкімдік өкілдері.