Freedom Inside '26

Алматыда үш адамның өмірін жалмаған апат: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

Алматыда үш адамның өмірін жалмаған апат: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады
Dalanews

Алматыдағы үш адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Процесс тараптардың жарыссөзінен басталды. 

Прокурор Әлібек Күмісбеков күдікті Александр Пакты 10 жылға соттауды сұрады. 

Еске салайық, әл-Фараби даңғылында болған жол апаты 21 наурызға қараған түні тіркелген еді. Тергеу мәліметінше, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан. Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр.