Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қанша теңге көлемінде біржолғы төлем берілді?

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қанша теңге көлемінде біржолғы төлем берілді?
Алматы әкімдігі

Алматыда Ұлы Отан соғысының 15 ардагеріне Жеңіс күніне орай 5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем берілді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жыл сайын 9 мамырға орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ, 1969 жылы наурызда Даманский аралы маңындағы және 1969 жылы тамызда Жалаңашкөл көлі ауданындағы әскери қимылдарға қатысқан 17 адамға 200 мың теңгеден материалдық көмек төленген.

ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 1353  адам, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан 2955 ардагер, сондай-ақ, соғыс жылдарындағы еңбегі үшін орден, медальдармен марапатталған 4713 тыл еңбеккері 100 мың теңгеден алған.

Сонымен қатар, қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің 191 жұбайына 50 мың теңгеден төлем берілген.