Алматыда УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынып жатыр

Алматыда УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынып жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жаңа арена Құлжа және Талғар тасжолдарының бойында салынып жатыр және 45 мың көрерменге арналған. Жобаны іске асыруға бөлінген аумақтың жалпы көлемі шамамен 32 гектар болады. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Қазір нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Болашақ стадион УЕФА-ның IV санаттағы талабына толық сай келеді. Бұл халықаралық деңгейдегі футбол матчтары мен ірі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында негізгі футбол аренасымен қатар, жаттығу алаңдары, спортшылар мен командаларға арналған заманауи инфрақұрылым, жанкүйерлерге арналған аймақ, қауіпсіздік жүйелері және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары қарастырылған.

Құрылыс жұмыстарын 2028 жылғы наурызда аяқтау жоспарланған.