Алматыда құрбыларына барған 17 жастағы қыз терезеден құлап қаза тапты

Алматыда құрбыларына барған 17 жастағы қыз терезеден құлап қаза тапты
Полиция. Фото: magnific.com

Алматыда 17 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға Наурызбай ауданындағы Alma City тұрғын үй кешенінде болған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Марқұмның анасының айтуынша, қызы аталған тұрғын үй кешенінде тұратын құрбыларына қонаққа барған. Кейін анасы телефон арқылы қыздардың алкогольді ішімдік ішіп отырғанын біліп, қызына ескерту жасаған.

Куәгерлердің сөзінше, бұдан кейін қыз жігітіне хабарласып, өзін алып кетуін сұраған. Жігіті оқиға орнына келгенімен, пәтерге көтеріліп үлгермеген. Сол сәтте қыз терезеден құлап кеткен.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі растады.

"Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.