Алматыда қоймада өрт шықты

Алматыда қоймада өрт шықты
112 KZ

Алматының Медеу ауданында қойма ғимаратынан шыққан өрт кезінде жалынның көрші тұрғын үй мен ғимараттарға таралу қаупі туындады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Тәтібеков көшесінде орналасқан бір қабатты қойма ғимаратының шатыры өртеніп, қызыл жалын 280 шаршы метр аумақты шарпыған.

Ведомствоның хабарлауынша, аптап ыстық салдарынан өртті сөндіру жұмыстары қиындап, жалынның тез таралу қаупі болған. Алайда өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде оқшаулап, толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

«Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жалынның көрші орналасқан жеке тұрғын үйге, іргелес ғимаратқа таралуына жол бермеді. Сондай-ақ шатырдың бүкіл аумағын шарпып кету қаупінің алдын алды. Жасырын жану ошақтарын анықтау үшін шатырдың конструкциялары бөлшектелді», – деп мәлімдеді ТЖМ.

Министрлік азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне дереу хабарлауға және ірі өртті өз бетінше сөндіруге әрекет жасамауға шақырды.