Алматыда өрттен төрт адам зардап шекті

Алматыда өрттен төрт адам зардап шекті
gov.kz

Алматыда Әйгерім-1 шағынауданындағы Пригородная көшесінде екі қабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды dalanews.kz.

ТЖМ мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жеткен. Өртсөндірушілер келген кезде шатыр жанып жатқан. Металл шатырдың ағаш торламасы арқылы өрт тез тараған.

Өртсөндірушілер тілсіз жау көрші үйлерге тарауына жол бермеген. Өрт 180 шаршы метр аумақта толық сөндірілген. Өртті сөндіру барысында шатыр опырылып түскен.

Медициналық көмек қызметі төрт адамды ауруханаға жеткізген. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.