Алматыдағы мектептердің бірінде бірнеше оқушы қатарлас қызды соққыға жығып, оқиғаның видеосын әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл жағдай биыл наурызда болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Зардап шеккен оқушыға медициналық, психологиялық және педагогикалық көмек көрсетіліп жатыр.
Полицияның мәліметінше, видеоны әлеуметтік желіге оқиғаға қатысушылардың бірі жүктеген. Кейін жазба өшірілгенімен, оған дейін құқық қорғау органдары видеоны зерттеп, оқиғаға қатысы бар барлық адамды анықтап үлгерген.
Бұл дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр. Полиция бұл іс департамент басшылығының ерекше бақылауында екенін хабарлады.
Құқық қорғау органдары мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу аяқталған. Жақын уақытта оқиғаға қатысқан барлық оқушы сот алдында жауап береді.