Алматыда көлік жүргізуге медициналық тұрғыдан тыйым салынған 1194 адам анықталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Түрксіб ауданының прокуратурасы тексеріс барысында денсаулығына байланысты көлік басқаруына болмайтын 1194 жүргізушіні анықтаған. Соған қарамастан олар көлік жүргізуді жалғастырған.
Прокурорлардың ұсынысынан кейін Алматы қаласының Полиция департаменті бұл азаматтардың жүргізуші куәлігін пайдалануын тоқтату бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Қазір Алматы қаласының соттары 381 талап-арызды қанағаттандырған. Қалған істер бойынша жұмыс жалғасып жатыр.