Freedom Inside '26

Алматыда ер адам 11-қабаттан секіріп кеткен

Алматыда ер адам 11-қабаттан секіріп кеткен
Алматы ПД

Алматы қаласының Бостандық ауданында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тұрғын үй кешендерінің бірінде 37 жастағы ер адам өз пәтерінің 11-қабатынан секіріп кеткен. Оны алғаш болып тұрғын үй кешенінің күзет қызметкері байқап, дереу жедел қызметтерді шақырып, алғашқы көмек көрсетуге әрекет жасаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері келген. Зардап шеккен адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді.

Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ер адам есін жимастан көз жұмды.

Марқұм кім екені анықталды. Ол осы тұрғын үй кешенінде тұрғаны белгілі болды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.