Алматы қаласының Жетісу ауданында қоғамдық көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша №131 бағыттағы автобус Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota көліктерімен соқтығысқан.
Бастапқы дерекке қарағанда, жол үстінде автобус жүргізушісінің денсаулығы кенет сыр берген. Соның салдарынан ол көлікті толық басқара алмаған.
Оқиға салдарынан жүргізуші көз жұмды.
Бұл дерек бойынша сараптамалар тағайындалды. Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.