Freedom Inside '26

Алматыда Ақсай өзені маңындағы тұрғындар эвакуацияланады

Алматыда Ақсай өзені маңындағы тұрғындар эвакуацияланады
видео кадры

Алматының Наурызбай ауданында сел қаупіне байланысты Ақсай өзені жағасында тұратын тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру басталады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, тұрғындар уақытша Наурызбай ауданындағы мектептер базасында ұйымдастырылған қабылдау пункттеріне орналастырылады.

Қаладағы ТЖД базасында жедел штаб құрылып, азаматтық қорғау қызметтері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, тұрғындар үшін 8 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша жедел желі іске қосылды.

Ведомство дерегіне сүйенсек, барлық іс-шара жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр және жағдай толық бақылауда.

Бұған дейін әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тұрғындар "Ұлттық хабарландыру" жүйесінен келген ескертудің скриншотын жариялаған еді. Онда Наурызбай ауданында су басу қаупі бары, тұрғындарды шұғыл эвакуациялау қажет екені айтылған.