Freedom Inside '26

Алматыда әйел жоғары қабаттан құлап мерт болды

Алматыда әйел жоғары қабаттан құлап мерт болды
Алматы ПД

Алматының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша 1988 жылы туған әйел тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлап, оқиға орнында көз жұмған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын растаған.

Бұл дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.

"Марқұм осы тұрғын үй кешенінде тұрған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес кейінгі уақытта ол жеке өміріне байланысты ауыр эмоционалды күй кешкен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.