Алматыда 25 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кетті

Алматыда 25 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кетті
ашық дереккөз

Алматыда 25 жастағы Ерзат Егізбайды іздеу жұмыстары үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Ол жұмыс күні кезінде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Туыстарының айтуынша, 19 мамырда Ерзат Жетісу ауданындағы Райымбек даңғылы бойында орналасқан құрылыс нысанынан шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Оның телефонынан соңғы белгі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік саяжайлар мен "Көксай" бау-бақша серіктестігі маңынан тіркелген.

Жігітті іздеуге полиция қызметкерлері мен екі ірі еріктілер ұйымы жұмылдырылған.

Жақындарының сөзінше, Ерзат бұған дейін ешқашан ескертусіз кетіп көрмеген. Ол ешқандай есепте тұрмаған және қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Қазір оның нақты қайда екені белгісіз.