Алматыда 110 млн теңге пара алды деген күдікпен вагон депосы филиалының директоры ұсталды

Алматыда 110 млн теңге пара алды деген күдікпен вагон депосы филиалының директоры ұсталды
Фото: magnific.com

Алматы қаласында 110 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен қалалық эксплуатациялық вагон депосы филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz Polites News-ке сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, күдіктіні Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері ұстаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл іске байланысты «Қазақстан темір жолы» компаниясы тергеу органдарымен белсенді жұмыс істеп жатқаны айтылды.

Бұған дейін Polites News «ҚазТемірТранс» АҚ филиалының директоры Ақылбек Базеновтың шамамен 540 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталғанын хабарлаған еді.

Осылайша, теміржол саласындағы ірі көлемдегі жемқорлық істері қоғам назарын қайтадан аударып отыр. Әлеуметтік желі қолданушылары мен пабликтерде «парамен ұсталған басшылардың тәбеті адам шошырлық» деген пікірлер де айтылуда.