Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция құқыққа қайшы контентті анықтап, шара қабылдады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері авторы Қазақстан Республикасының заңнамасына және қоғамда қалыптасқан жалпыға ортақ моральдық-адамгершілік құндылықтарға қайшы өмір салтын ашық түрде насихаттаған жарияланымдарды анықтады.
Автордың жеке басы анықталды. Оған құқыққа қайшы контент орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Профилактикалық әңгімелесу жүргізілгеннен кейін азамат әлеуметтік желідегі парақшасынан жарияланған материалдарды өз еркімен өшірді.
Алматы полициясы әлеуметтік желілер қоғамдық ақпараттық кеңістікекенін еске салады. Заң талаптарына және қоғамда қалыптасқан жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларға қайшы мінез-құлық үлгілерін насихаттайтын, отбасы институтына деген құрметті төмендететін контентті тарату заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай тәсіл заң талаптарын сақтау, қоғамдық мүдделерді қорғау және цифрлық ортадағы құқық бұзушылықтардың алдын алу арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.