Алматы тауларында Корея азаматы үш аптаға жуық уақыттан бері іздестіріліп жатыр

Алматы тауларында Корея азаматы үш аптаға жуық уақыттан бері іздестіріліп жатыр
видео кадры

Алматы тауларында 28 қыркүйекте жоғалып кеткен Кореяның 73 жастағы азаматын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 16 қазандағы жағдай бойынша турист әлі табылған жоқ, деп хабарлайды dalanews.kz.

28 қыркүйекте ер адам Шымбұлақ аспалы жолымен тауға көтерілген. Ол бір топ адаммен бірге болған. Кейін оларға бағытын өз бетінше жалғастырып, қалаға ешкімнің көмегінсіз түсетінін айтқан. Алайда турист қонақүйге оралмаған.

29 қыркүйекте құтқарушыларға шетелдік азамат жоғалғаны туралы хабар түскен. Осыдан кейін тауда іздеу-құтқару операциясы басталды.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі іздеу жұмыстарына таудың күрделі жер бедері, тексерілетін аумақтың үлкендігі кедергі келтіріп жатқанын хабарлаған еді. Құтқарушылар жету қиын жерлерді, тау беткейлері мен шатқалдарды тексеруге ерекше назар аударып отыр.