Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды
видеодан кадр

Алматының құрылыс саласында еңбек ететін азаматтар тұрғындарды Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға және ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға шақырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

BI Group құрылысшылары күн сайын адал еңбегімен Алматының дамуына және заманауи баспаналардың салынуына өз үлестерін қосып келеді. Жаңа технологияларды пайдаланып, заманауи талаптарды ұстана отырып, компания мамандары сапалы жұмыс атқарып, ел игілігіне қызмет етуді басты міндеттерінің бірі санайды.

Еңбек адамдары үшін отбасының берекесі, өзара сыйластық, елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың маңызы зор. Олар балаларының дамыған, қуатты әрі болашағы жарқын елде өскенін қалайды.

«Бүгінде еліміз маңызды кезең алдында тұр. Құрылтай сайлауы – ел болашағына қатысты шешімдер қабылданатын жауапты сәт. Сондықтан сайлаудан қалыс қалмай, еліміздің болашағы үшін өз таңдауымызды жасау қажет», – дейді Алматы құрылысшылары.

Олар барлық азаматтарды азаматтық жауапкершілік танытып, сайлауға белсенді қатысуға және елдің болашағына өз үлесін қосуға шақырды.