Алматыда түн ішінде 102 пультіне көшеде пышақ ұстаған бір топ жас жүргені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жанжал барысында бір жігіт пышақ жарақатын алғанын анықтаған. Арада бірнеше минут өткенде полиция қызметкерлері бірден алты күдіктіні ұстаған. Оқиға Ақсай шағынауданында болған.
"Боран-308" экипажы алты адамды ұстады. Олардың болған жағдайға қатысы болуы мүмкін. Кейбірінің киімінен қанға ұқсас іздер анықталды. Сондай-ақ, тергеу үшін маңызы бар заттар тәркіленді. Ұсталғандардың барлығы тергеу амалдарын жүргізу үшін Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді", - деді полиция.
Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның толық хронологиясын, жанжалдың себептерін, қатысушылардың рөлін анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.