Алматы облысында зооқорғаушы Владимир Тепляковтың өліміне қатысты күдікті қолға түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полиция мәліметінше, 7 қазанда ер адамның қаза табуына байланысты кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол жедел түрде ұсталды. Қазір күдікті қамауда отыр.
"Ұсталған адамның кісі өлтіру қылмысына қатысы тексеріліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында қараусыз қалған жануарларды қамқорлығына алған "Dog House – Твардовский дом" панажайының негізін қалаушы Владимир Тепляковтың кісі қолынан қаза тапқаны хабарланған еді.