Freedom Inside '26

Алматы облысында 15 жастағы қыз өгей атасы тиіскенін айтты

Алматы облысында 15 жастағы қыз өгей атасы тиіскенін айтты
eyeem

Алматы облысында 10-сынып оқушысы 62 жастағы ер адам өзіне әдепсіз әрекеттер жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мәліметке сүйенсек, ол - қыздың туған атасы емес, анасының екінші күйеуінің әкесі.

Жасөспірімнің сөзінше, ер адам оған наурыздан бері орынсыз әрекеттер көрсеткен. Қыз бұл жағдайлар анасы жұмыста болған кезде қайталанғанын айтқан.

Оқушы болған жайтты ұзақ уақыт бойы жасырып келгенін, себебі жүкті анасын уайымға салғысы келмегенін жеткізген. Кейін анасы бұл туралы білген соң мәселені отбасында талқылауға тырысқан. Алайда жағдай ушыққаннан кейін әйел балаларын алып, полицияға жүгінген.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар мен тергеу жүргізіліп жатыр.