Алматы метросында адамдар кептелісі болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
Қалалық метрополитеннің мәліметінше, Алматы метросы 1 қыркүйекте түске дейін 40 мыңға жуық жолаушы тасымалдаған.
Жаңа оқу жылының алғашқы күнінде Алматы метросында жолаушылар ағыны артты. 1 қыркүйек күні сағат 06:20 дан 14:00-ге дейін 40 мыңға жуық жолаушы тасымалданды.
Оқу жылының басталуына байланысты метро жұмысы күшейтілген режимде ұйымдастырылды. Таңғы және кешкі қарбалас уақытта пойыздар арасындағы интервал 3 минут 27 секундқа дейін қысқартылды.
Әкімдік мәліметінше, метрополитен жолаушылар ағынына тұрақты мониторинг жүргізіп, жолаушыларға сапалы әрі қауіпсіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде.