Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Алматы облысында синтетикалық есірткі өндіру бойынша зертхана ұйымдастырған 30 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тінту барысында оқиға орнынан 200 грамм мефедрон, зертханалық жабдықтар, магнит араластырғыштар, колбалар, центрифугалар, сондай-ақ, синтетика жасауға арналған химиялық сұйықтықтар мен прекурсорлар тәркіленген.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
"Есірткі өндіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.