Алматы әуежайында косметика ішіне жасырылған 32 келі есірткі тәркіленді

Алматы әуежайында косметика ішіне жасырылған 32 келі есірткі тәркіленді
ҰҚК

Биыл тамызда Алматы халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметі көлік прокуратурасының үйлестіруімен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Қазақстанға аса ірі мөлшерде есірткі әкелудің үш әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Шетел азаматтарының жол жүгін тексеру кезінде косметикалық өнімдердің ішіне жасырылған ыдыстардан марихуана, каннабис шайыры және гашиш майы табылған.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 келіден асқаны анықталды.

Бұл деректер бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға берілді.