Freedom Inside '26

Алматы әуежайы тағы да сынға қалды: қала тұрғыны жолаушыларға құбырлар құлағанын айтты

Алматы әуежайы тағы да сынға қалды: қала тұрғыны жолаушыларға құбырлар құлағанын айтты
видео кадры

Алматы тұрғыны әуежай аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары кезінде биіктен үлкен құбырлар құлап кеткенін айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оның сөзінше, оқиға 11 маусымда күндіз болған. Сол сәтте құлаған құбырлар жолаушылар жүрген жерге жақын түскен. Әйелдің айтуынша, оқиға кезінде оның отбасы да, басқа жолаушылар да, соның ішінде балалар мен егде жастағы адамдар да болған.

Тұрғынның пікірінше, ауыр құрылымдар адамдардың үстіне құлауы мүмкін еді.

Сондай-ақ, ол әуежай аумағындағы құрылыс жұмыстары бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқанын айтып, мұндай жағдайлар жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін екенін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайы су астында қалды. Кейінірек Азаматтық авиация комитеті әуежайды Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартты.