“Алматы-2“ вокзалы маңында қозғалыс шектеледі

“Алматы-2“ вокзалы маңында қозғалыс шектеледі
ашық дереккөз

“Алматы-2“ вокзалы маңында қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы әкімдігі мәліметіне сүйенсек, LRT жобасын жүзеге асыру аясында Абылай хан даңғылының кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

"10 қыркүйек сағат 22:00-ден 11 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Мақатаев пен Мәметова көшелері арасындағы учаскеде көлік қозғалысы толық жабылады. Сондай-ақ, осы уақыт аралығында Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі", - деп жазылған хабарламада.