Алматының тау бөктерінде салынған таунхаус сүріліп жатыр

Ақтоты Жапатова 17 шіл. 2025 14:46

Алматыда сот шешімі бойынша Оспанов көшесі, 89/91 мекенжайдағы нысан сүрілетін болды,- деп хабарлайды Dalanews.kz Қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.

Меншік иесі (жеке тұлға) тиісті құжатсыз нысанды салуға, тіпті еш рұқсатсыз нысанның тірек қабырғасын тұрғызған.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс аясында меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Берілген нұсқамалар орындалмағандықтан басқарма нысанды бұзу жөнінде талап арыз берді.

2024 жылы 12 сәуірде Медеу аудандық соты талап арызды қанағаттандырды.

2024 жылы 1 шілдеде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

Бүгін Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысан сүріліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар