Freedom Inside '26

Алматының экс-әкімі жаңа қызметке кірісті

Алматының экс-әкімі жаңа қызметке кірісті
primeminister.kz

Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа құрамы жұмысқа кірісті, - деп хабарлайды Dalanews.kz


Ал Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақ алқасының төрағасы болды.



Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте 1 ақпаннан бастап Сағынтаев жаңа қызметке келетінін айтты. Сол кезде Путин Сағынтаев бұрыннан ЕЭО мүшесі болғанын да тілге тиек етті.


Ал Сағынтаевқа дейін бұл қызметті Беларусьтің бұрынғы премьер-министрі Михаил Мясникович атқарды.


Бақытжан Сағынтаев 2022 жылғы 1 маусымынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ алқасының мүшесі қызметін атқарған болатын. Сол жылы қаңтарда ол Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды. Сонымен қатар, бұған дейін Президент әкімшілігінде, Үкіметте лауазымды қызметтер атқарған.