Алматы тұрғындары мопедті сатып алған кезде бірден тіркей алады,- деп хабарлайды Dalanews.kz "Polisia.kz"-ке сілтеме жасап.
Бүгінде мегаполисте 15 мыңға жуық мопед тіркелген.
"Қалалық полиция қызметкерлері азаматтардың қолайлылығы үшін тіркеу жұмыстарын көліктердің тұрақты тұрағында, сондай-ақ сату орындарында да жүргізуде. Бұл тәсіл мопед иелеріне көліктерін қысқа мерзімде әрі ыңғайлы түрде заңдастыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері тіркелмеген мопедпен жүру — заң бұзушылық екенін және ол үшін айыппұл салынатынын, тіпті көлік құралы тәркіленуі мүмкін екенін тағы бір мәрте еске салады.