Алматыда №104 бағыттағы автобустан түсу сәтінде жолаушы әйел ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға 21 желтоқсанда ADEM сауда орталығының маңындағы аялдамада болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, автобус жүргізушісі жолаушы толық түспей жатып қозғалысты бастап кеткен.
Зардап шеккен Айнұр Меркулова №7 қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазір ол қозғала алмай жатыр, алда ота жасалуы тиіс. Әйелдің айтуынша, құқық қорғау органдарына жолдаған арыз-шағымдарына әзірге жауап берілмеген.
Осыған байланысты ол видеоүндеу жариялап, іске қоғам назарын аударуды сұрады.
