Алматыға шетелдік туристер ағыны артты: 2025 жылы 500 мыңға жуық адам келген

Ақтоты Жапатова 20 мау. 2025 15:40

Алматының туризм саласы қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында мегаполиске 496 944 адам келген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,9% көп. Бұл туралы қаланың туризм басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Туристер саны шетелдік меймандар есебінен өсіп отыр. Олар бір жыл ішінде 18%-ға көбейіп, 2024 жылдың алғашқы тоқсанындағы 122 859 адамның орнына 145 058 адамға жетті.

Туристер легінің артуы Үндістан (+73,4%), Қытай (+39,3%), Түркия (+24%), Біріккен Араб Әмірліктері (+47,8%) және Малайзия (өсім - 5,7 есе) сынды елдерден байқалды.

Алматының туристік әлеуетіне деген қызығушылықты әлемдік деңгейдегі айтулы рейтингтер де растайды. 2025 жылы қала CNN арнасының нұсқасы бойынша үздік туристік бағыттар қатарына енсе, Booking.com нұсқасы бойынша жылдың ең танымал бағыттарының бірі ретінде аталды.

Алматы әлемдік туристік кеңістікте ерекше орны бар қала ретінде танытып келеді. Тұмса табиғат, терең тарихи-мәдени мұра, заманауи инфрақұрылым мен қазақ халқының қонақжайлығы бұл шаһарды өзгелерден даралап көрсетеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар