Енді сүт, сүзбе, сиыр еті, күнбағыс майы және басқа да өнімдер мегаполиске тікелей жеткізілетін болады.
Дамир Тазабек «Magnum» сауда желілеріне сүт, сүзбе жеткізуге «ОДС Cүn»-мен келісімшарт жасалғанын айтты. Сонымен қатар, «Naz-Dana» шаруа қожалығы Small and Toimart сауда желілеріне 1000 тонна пияз жеткізеді. Сауда желілеріне «Агрокомплекс Жетісу Мажико» күнбағыс майы, «Агрофирма Бірлік» ЖШС мен «Тамшы-Бұлақ» ЖШС сиыр еті мен «Динара Ranch» күріші жеткізіледі.
Сонымен қатар, КжИБ басшысының орынбасары Алматыда қарақұмықтың ең жоғары бағасы – 361 тг/кг (30 наурызға дейін жарамды) мен жұмыртқа - 487 тг/он бірлігі (30 маусымға дейін жарамды) белгіленгенін еске салды.
Қазіргі кезде ақ қырыққабаттың рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасын белгілеу 30 күнтізбелік күн ішінде 83 тг/кг әзірленуде.
– Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қалаға апта сайын тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының барлық аудандарында «демалыс күндері» азық-түлік жәрмеңкелері өткізіледі. Алматы облысының жақын аудандарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері, сондай-ақ Алматының азық-түлік кәсіпорындары қатысады, – деді Д. Тазабек.
2021 жылдың басынан бері 350-ге жуық жәрмеңке өткізілді, онда 3 мың тоннаға жуық өнім 30 млн астам теңгеге сатылды.
Алматы қаласының азық-түлік қауіпсіздігін төмен бағамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс бақылауда болады.