2025 жылғы 1 мамырда Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бірлік жүгірісі" марафоны өтті,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Бұл шараның бір ерекшелігі - марафонның еліміздің барлық өңірлерінде бір уақытта өтуі.
Іс-шара Тұңғыш Президент саябағында болды. Марафонға 500–ге жуық адам қатысты-бұл этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының серіктестері, кәсіби спортшылар және спорт сүйер қауым. Қатысушылар саябақ аумағы бойынша 4 шақырым қашықтықты жүгірді.
"Бірлік жүгірісі" марафоны салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған бірегей акцияға айналды. Республикалық марафон елдің әртүрлі аймақтарынан келген адамдарды ортақ мақсатпен біріктіріп, достық пен ынтымақтастықтың символына айналды.