Алматыдағы лай көшкінінің астында қалған 4 адам іздестіріліп жатыр

Көркем Алдабергенова 08 ақп. 2024 09:28 2257

Алматыдағы лай көшкіні басып қалған үйдің астында қалған төрт адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы қалалық ТЖД ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова айтты. 

"Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алды. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстары қолмен жүргізіліп жатыр. Себебі үйлердің бірінде 4 адам болуы мүмкін деген ақпарат түсті. Оның екеуі ересек адам, екеуі бала. Сондықтан техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып іздеу жұмыстары жүріп жатыр",-  дейді Гүлдана Нұрымбетова.

Оқиға орнында көрші үйлердегі 13 адам эвакуацияланған. 

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының "Тау Самалы" шағын ауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болған.

Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды. Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бұл жерде жедел медициналық көмек бригадалары бар.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар