Алматыдағы атыс: қаза тапқан полиция қызметкерлерінің аты-жөні мен суреті жарияланды

Алматыдағы атыс: қаза тапқан полиция қызметкерлерінің аты-жөні мен суреті жарияланды


Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі қаладағы қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің аты-жөндері мен суреттерін жария етті. 

Атыс салдарынан үш полиция қызметкері көз жұмды. Олар:

Нұрмұхамедов Бауыржан Мәлікұлы — ІІД ӘПБ жол-патрульдік полициясының қауіпсіздік қызметінің аға инспекторы, 1988 жылы туған. Ішкі істер органдарында 2011 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, қызы бар.

a4204102a900fd4692fe63f46b49036b
a4204102a900fd4692fe63f46b49036b


Сәлімбаев Мақсат Қолғанатұлы — полицияның кіші сержанты, ІІД ЖПҚ ЖПП полкінің полицейі, 1991 жылы туған, ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, қызы бар.

8502b27a2639df4ebe208e3ed092c82e
8502b27a2639df4ebe208e3ed092c82e


Ғалиев Аян Ерболғанұлы — полиция старшинасы, Алматы қалалық МКҚБ ММ полициясы 2-ші батальон полицейі, 1974 жылы туған, ішкі істер органында 1997 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, екі баласы бар.

22a6a81ab77d978a817f911aa6e84567
22a6a81ab77d978a817f911aa6e84567


Айта кетсек, бүгін Алматыда қаласы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимаратына қарулы шабуыл жасалды. Әзіргі таңда қалада "Жедел құрықтау" арнайы жоспары жарияланған.

Дереккөз: kaz.365info.kz